Темекі шегу-сағат сайын, күн сайын, айдан айға, жылдан жылға ұқыпсыз темекі шегушілердің денсаулығын біртіндеп бұзады

Темекі шегу-сағат сайын, күн сайын, айдан айға, жылдан жылға ұқыпсыз темекі шегушілердің денсаулығын біртіндеп бұзады. Темекі түтінінің құрамына 4000-ға жуық түрлі компоненттер кіреді, оның ішінде 755 көмірсутек, 920 гетероциклді азотты қосылыстар, 22 нитрозамин, сондай-ақ жанбайтын бөлшектер мен шайырлардың газ фракциялары. Никотин күшті өсімдік уларына жатады. Оның өлім дозасы, 80-120 мг ол бір темекіде кездеседі. Темекі шегу кезінде ағзаға 2-4 мг никотин кіреді. Адам неғұрлым жиі темекі шегетін болса, соғұрлым никотин оның денесіне енеді. Қысқа уақыт ішінде бір қорап темекі шегетін болсаңыз да, ауыр улану және тіпті өлім болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын бүкіл әлемде темекі 5 миллион адамды өлтіреді (күн сайын 11 мың адам).

Темекі шегу-жүрек-қан тамырлары ауруларының, өкпе ауруларының, ауыз қуысының, асқазанның, бауырдың, қуықтың, бүйректің қатерлі ісігінің даму қаупінің агрессивті факторы. Көптеген шегетін деп санайды прекратив темекі шегуге болады шалдығуы. Бұл дұрыс емес, өйткені уланудан бас тарту ешқашан зиянды емес. Рас, кез-келген режимнің күрт өзгеруі, қартайғанда мінез-құлықтың тұрақты стереотипінен бас тарту әрдайым қиын, сондықтан адам темекіні тастаған кезеңде дәрігердің бақылауы ұсынылады. Темекі шегуді тоқтатқаннан кейін адам семіреді деген пікір кең таралған. Шынында да, алғашқы апталарда жалпы метаболизм белсенділігінің төмендеуіне байланысты салмақ жоғарылайды, бірақ болашақта метаболизм қалпына келеді. Ақыл-ой жұмысымен айналысатын темекі шегушілер темекі шегу зейінді шоғырландыруға және зияткерлік тапсырмаларды шешуге көмектеседі деп санайды. Никотинмен жүйке жүйесін ынталандыру мидың энергетикалық мүмкіндіктерінің сарқылуына әкелетінін ұмытпауымыз керек. Осындай ынталандыру нәтижесінде адам ақыл-ой жұмысын орындау кезінде үнемі темекі шегуді бастайды: мұндай мөлшерде темекі шегу және ұзақ уақыт темекі шегуші өткір улану құбылысын тудырады: бас ауруы, бозару, құрғақ және аузындағы ащы, жүрек спазмы. Темекі шегудің ақыл-ой белсенділігінің стимуляторы ретіндегі сөзсіз салдары-бұл шамадан тыс жұмыс. Медициналық статистика көрсеткендей, миокард инфарктісінен қайтыс болған адамдардың 75% - ы темекі шегушілер болған, әр темекі шегуші өз өмірін 5-10 жылға қысқартады. Белсенді және «пассивті» темекі шегушілерге жүйке, тыныс алу және дененің басқа жүйелерінің ауруы қаупі төнеді. Мұндай күмәнді Ләззаттың салдарынан адам өз денсаулығына қауіп төндіріп, өмірін қысқартуы керек пе? Таңдау жасамас бұрын мұқият ойлану керек: темекі шегу немесе темекі шекпеу. Темекіні тастаған кезде ағзаңызда айтарлықтай өзгерістер болады, мысалы: соңғы темекіден 20 минуттан кейін қан қысымы қалыпқа келеді, жүрек қызметі қалпына келеді, алақандар мен аяқтарға қан беру жақсарады;

8 сағаттан кейін қандағы оттегінің мөлшері қалыпқа келеді;
2 күннен кейін дәм мен иіс сезу қабілеті артады;
бір аптадан кейін келбет жақсарады;
1 айдан кейін тыныс алу оңай болады, шаршау, бас ауруы жоғалады, әсіресе таңертең жөтел мазаламайды;
6 айдан кейін жүрек соғу жылдамдығы қалпына келеді, сіз өмір сүруге және жұмыс істеуге деген ықыласты сезінесіз;
1 жылдан кейін темекі шегушілермен салыстырғанда жүректің коронарлық ауруының даму қаупі екі есе азаяды;
5 жылдан кейін өкпе қатерлі ісігінен өлу мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді;
15 жылдан кейін жалпы онкологиялық аурулардың даму қаупі азаяды.
Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар.Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді.
Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады.
Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тезөлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы затформальдегид нейтралдайды.Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады.
Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтысболады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адамтемекі шегеді екен.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгісек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді.Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын.Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді.
Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты оқиғалар:• Темекінің түтіні автомилдердің шығаратын зиянды заттарынан да 4-есекөп зиянды болады.• Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн. ыстың бөлшектерін құрайды.• Әрбір сигарет денедегі 25 мг С витаминін нейтрализдейді, бұл дегеніміз бір апелсиннің құрамындағы С витаминіне тең болады.• Герман ғалымдарының зерттеуінше бір сигарет адам өмірін 12 минутқа кемітеді.• 20 сигар тарту арқылы, адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе артық кір ауамен дем алғандай болады.• Темекі тартатын адамның өкпесі темекінің түтінінен смолаға ұқсап кетеді. Бір жылда темекі тартқыш адамның өкпесіне 800 г. темекі смоласы жиналады.• Егерде адам 15 жасынан бастап темекітартса онын өмір сүру жасы 8 жылға қысқарады. 15 жасында темекі тарта бастаған адамдар 5 есе көп өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болады, 25 жасында темекі тарта бастаған адамдарға қарағанда.
Темекі – адам денсаулығына қауіптілігімен қатар өзіне тәуелді ететін өнім. Ашығында темекіні тастау адамның мықты ниетіне, ерік-күшіне, сабыр-төзіміне көп байланысты. Әсілінде, адамдардың нәпсісіне тыйым сала білетін ең тамаша уақыт – ораза ұстайтын қасиетті рамазан айы. Ораза ұстаған адамның күні бойы темекі тартпағанына қарағанда, біраз сабыр көрсетіп, басқа кездерде де осы күйін жалғастырса, бір ай ішінде темекі дертінен құтылуға болады.
Егер темекіні тастасаңыз:• 24 – сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды.• 2 – күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдамен теңеседі.• 3 – күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді.• 3 – айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды.• 1 – жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды.• 10 – жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі.• 15 – жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады.Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.