Новости

Всего новостей 104

Вакансия

Требуется врач общей практики (ВОП) во врачебную амбулаторию посёлка Мойынты, Нураталды, Успен Шетского района.

Это узловая станция которая соединяет Север-Юг Казахстана. Численность населения 1750 чел. Предлагаем жильё с обстановкой, хорошая зарплата (свыше 300 тыс. тенге с учётом всех удержаний, т.е. на руки).

Если семейный, трудоустроим супругу или супруга. Выплата подъемных до 1 млн. тенге. Создадим все условия. 


Тел. для связи 8 702 214 52 32, 8 778 308 37 60, 8 71031 21 2 92 (отд.кадр)

QAZVAC. Надежный способ избежать заражения

Прививка против КВИ положительно влияет на ребенка в утробе матери.

     Прививка против КВИ положительно влияет на ребенка в утробе матери. Дело в том, что после получения вакцины антитела от матери передаются будущему малышу. По словам акушера-гинеколога столичной городской поликлиники № 7 Гульназ Ислямовой, если женщина провакцинировалась в третьем триместре беременности, ее антитела будут защищать ребенка не менее полугода, передает МИА «Казинформ» со ссылкой на официальный сайт столичного акимата.
     - Как осуществляется вакцинация беременных женщин?

     - В настоящее время вакцинация беременных и кормящих женщин проходит нелегко. Ведь многие фейки, видео-слайды, распространяемые в социальных сетях, негативно влияют на вакцинацию. Немало женщин выступают против получения вакцины, полагаясь на эту ложную информацию. Благо сейчас, в эпоху развития информационных технологий, немало и тех, кто информирован о положительном влиянии вакцины на организм, на малыша в утробе. Тем не менее, мы ведем разговор с каждой беременной женщиной о пользе вакцины. 

     - Как вакцина влияет на ребенка в утробе беременной женщины? 

     - На сегодняшний день в нашей поликлинике вакцинированы 96 женщин, из них 18 беременных, 78 кормящих. Прививка положительно влияет на ребенка в утробе матери. Дело в том, что после получения прививки от матери будущим малышам передаются антитела. Если женщина провакцинировалась в третьем триместре беременности, ее антитела защитят ребенка на срок не менее, чем полгода. Отметим, что сейчас по всему миру началась вакцинация беременных женщин. Название препарата – «Комирнати» ( производство компании «Pfizer») – вакцина против КВИ на основе мРНК (модифицированная нуклеозидами) для профилактики коронавирусной инфекции, вызываемой SARS-CoV-2. «Комирнати» не содержит вируса, вызывающего иммунную защиту, не может вызвать инфекцию КВИ. В одном флаконе содержится шесть доз по 0,3 мл после разведения. 

     - В каких случаях нельзя вакцинировать беременных? 

     - При наличии аллергии на действующее вещество или любые другие компоненты препарата; 

          - в первые 16 недель беременности; 

          - если срок беременности 37 недель и выше; 

          - при острых инфекционных заболеваниях; 

          - при имеющихся иммунодефицитных заболеваниях; 

          - не следует вакцинировать женщин, получающих антиПодробнее...

Информация по региональным Call-центрам по вакцинации против КВИ

Коронавирус инфекциясының қайта таралуына бәріміз бірігіп қарсы тұрайық!

COVID-19 инфекциясы бүкіл әлемде таралуын жалғастыруда, бүгінгі күні 200-ге жуық елде коронавирустың 300 миллионнан астам расталған жағдайы және 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Сарапшы мамандар соңғы екі аптада инфекцияның күрт өсуін коронавирустың «Омикрон» нұсқасының таралуының жоғары жылдамдығымен байланыстырады. 

2022 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда коронавирустың жаңа "Омикрон " нұсқасы жұққан алғашқы аурулардың анықталғанын ресми түрде хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (әрі қарай ДДСҰ) әлемде коронавирустық инфекцияның өсуі қарқыны күрт артқанын мәлімдеді. 

2022 жылы инфекцияның жаңа "Омикрон" нұсқасының таралуына және осы уақытқа дейін ковид-шектеулердің тиісінше сақталмауына байланысты, Қазақстанда коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы шиеленісе түсті. Бүгінгі таңда, еліміздің Денсаулық сақтау Министрлігінің жедел ақпаратына сәйкес, Түркістан облысынан өзге еліміздің барлық өңірлері қызыл аймаққа енген. Елімізде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы короновирустың"Омикрон" нұсқасының  елімізде жылдам таралуымен, мереке күндері халықтың бей берекет қозғалысымен және де алдын алу шараларын ұстанудың жеткіліксіздігімен тікелей байланысты. Сонымен қатар, зертханадан өткізілген сынама үлгілердің шамамен 71 процентінен коронавирустың "Дельта" нұсқасы табылып, оның әлі күнге дейін елде ең көп таралған covid-19 нұсқасы екені дәлелденіп отыр.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштер короновирустың "Омикрон" нұсқасының  тез таралуын растайды. Республика бойынша соңғы айда коронавируспен ауыру 19,6 есе өсті, барлық науқастардың 60 % Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына тиесілі. Ауру негізінен симптомсыз және жеңіл түрде өтеді, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният». 17 қаңтарда біздің елімізде 11524 жағдай тіркелді, 4 адам қайтыс болды, 1712 адам жазылып шықты, 9808 адам ауырып жатыр. Коронавирус инфекциясы ең көп тіркелген өңірлердің ішінде  Нұр-Сұлтан қаласы – 3792, Қарағанды облысы – 1371, Алматы қаласы -1198. Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің 11.01.2022 ж. отырысы барысында да атап өтті. "Пандемиямен күрес Үкіметтің басты міндеті болып қала береді", - деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Шет ауданында да эпидемиологиялық ахуал күрделі. 2022 жылдың өткен күндерінде аудан бойынша 95 адам коронавиркс инфекциясына шалдығып тіркелді. Олардың ішінде 5 жүкті әйел мен 5 бір жасқа толмаған балалар да бар. Инфекциялық стационарда 13 сырқат емделіп жатса, қалғандары үйлерінде емделіп жергілікті дәрігер мамандардың бақылауына алынған. Ауданның елді мекендерінде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай төмендегідей. Ақадыр кентінде 53, Ақсу-Аюлыда 20, Сәкен Сейфуллин кентінде 5, Нұраталды, Төменгі Қайрақты, Өспен ауылдарында 3-тен, Бұрма, Ақжал, Босаға, Мойынты елді мекендерінде 2-ден коронавирус инфекциясы тіркелді.

 

Коронавирустың «Омикрон» нұсқасымен ауырғанда ерте байқалатын белгілері қандай? 

«Омикрон» нұсқасы инфекциясының клиникалық көріністері, қыс мезгілінде кең таралған аурулардың, яғни үйреншікті жіті респираторлық вирустық инфекцияның (әрі қарай ЖРВИ) және тұмаудың белгілеріне өте ұқсас. 

 

Ауру ересектерде қалай дамиды?

Инкубациялық кезең көбінесе 3-6 күнді құрайды. Инфекция жұққан адамда дерттің белгілері 1 – 2 күнде пайда болады. Ауру жалпы әлсіздік пен шаршаудан басталады, содан кейін келесі көріністер қосылады: мұрын бітеледі, тамақ ауырып жұтындырмайды, құрғақ жөтел қосылады, дене қызуы көтеріледі, бұлшықеттер ауырады, бас ауырып сырқаттың тәбеті төмендейді, ауырған адамның маужырап ұйқысы келе береді. ДДҰ сарапшылары короновирустың "Омикрон" нұсқасының  жаңа белгілерін атады. Бұл кенеттен себепсіз дауыстың қарлығуы және арқадағы ауырсыну. Соңғы мәліметтерге сәйкес, дауыстың қарлығып өзгеруі ЖРВИ клиникалық көрінісінің дамуына бірнеше күн қалғанда пайда болуы мүмкін екен. 

Ауыр жағдайларда ауру басталғаннан кейін 5 күн ішінде науқастың жағдайы нашарлайды, тыныс алудың қиындап қысқаруы, ауа жетіспеушілігі пайда болады, әлсіздік дамиды, дене температурасы қайтадан көтеріледі. 

Пациенттердің 60%-інда мұрын бітеліп су ағуы байқалса да, инфекцияның алғашқы нұсқаларына тән иіс жоғалуы инфекция жұқтырғандардың үштен бірінде ғана байқалады екен. 

 

Балалар ауырғанда пайда болатын белгілер қандай? 

Коронавирустың «Омикрон» нұсқасы балаларда келесі белгілерді тудырады: шаршау, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбеті төмендеп тамақтанудан бас тарту, аяқ пен қолдың бұлшық еттерінің ауырсынуы, жүрек айнып құсу, іштің бұзылуы. Коронавирустың жаңа нұсқасымен ауыратын балаларда 15% жағдайда бөртпе пайда болады.

 

Коронавирустың «Омикрон» нұсқасы инфекциясы несімен қауіпті? 

Ауырып жазылғаннан кейін кейбір адамдарда постковидтік синдром қалыптасып, ол адамның өмір сүру сапасын едәуір нашарлатады. Тәуекел факторларына орташа және егде жастағы, созылмалы аурулардың болуы, вакциналаудың болмауы жатады. Созылмалы жөтел, әлсіздік, ентігу, ұйқының бұзылуы, мазасыздық және депрессия сияқты патологиялар covid-19-бен ауырған әрбір бесінші адамда сақталады. Көптеген адамдарда коронавирустың жаңа нұсқасынан туындаған ауру жеңіл түрде өтсе де, оның салдары қаншалықты ауыр болатынын әлі ешкім білмейді, сондықтан әр-бір азамат бұған дұрыс мән бергені абзал. 

 

Коронавирустың «Омикрон» нұсқасы инфекциясынан қалай қорғануға болады? 

Коронавирустың жаңа нұсқасынан қорғану бұрынғы дельта нұсқасынан өзгеше емес. Ең маңыздысы вакциналаудан өту, ол инфекцияның ауыр өтетін түрінен және өлімнен қорғайды. Вакцинаның кем дегенде екі дозасын қабылдау қажет. Толық вакциналанған адамға инфекция жұғатын болса бұл дерт мейілінше жеңіл түрде өтеді. Бірақ, бүгінгі күні ғалымдар арасында корноавирустың аралас дельта+омикрон нұсқасының пайда болғаны туралы мәліметтер бар. Сондықтан, осы кезеңдегі инфекция тек жеңіл және орташа дәрежеде өтетініне сенімді болмаңыз. 

 

Құрметті жерлестер! Коронавирустың «Омикрон» нұсқасы инфекциясының әлемде жылдам таралуының негізгі себебі вирустың жаңа нұсқасының жұқтыру ықтималдығының жоғары болуы. ДДСҰ мәліметі бойынша, омикрон адамнан адамға дельта нұсқасынан 4,2 есе жылдам жұғады екен. 

Бұрынғыдай, әлеуметтік қашықтықты сақтап қорғаныс бетпердені қолдану вирустың таралу ықтималдығын едәуір азайтады.

Сондықтан бұрын қолданысқа енгізілген барлық алдын алу шараларын қайтадан қолға алып өзіңізді қорғаңыз. Инфекция жұққаннан кейін, аурудың бастапқы белгілері пайда болған мезеттен бастап мүмкіндігінше тез арада басқа адамдармен қарым қатынасты үзіп оқшауланып, медициналық көмекке жүгініңіз. Және де жеке бас гигиенасы талаптарын орындау, вакцинация және әлеуметтік қашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерлерге барудан бас тарту сияқты қарапайым шаралар Сізді осы дерттен сақтайды деп айта аламыз.

 

 

   «Шет ауданының орталық 

ауруханасы» КМК 

директоры                                                                                                  А.Аманжолов