Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 Қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау Ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 7 сәуірден бастап Шет ауданында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған арнайы іс-шаралар 2022 жылғы 22 сәуірге дейінгі мерзімде атап өтіледі. Бұл іс-шаралар осы Ұлттық бағдарлама шеңберінде «Біздің планетамыз, Біздің саулығымыз» үндеуімен өткізіледі. Аталмыш іс-шаралардың негізгі мақсаты, халықты адам денсаулылығын сақтау және жалпы планетаны қорғау үшін қажетті іс-әрекеттерге жұмылдыру, адамның әл-ауқаты мен салауатты өмір салтын ұстауға қоғамдық сананы қалыптастыру екенін кеңінен насихаттау.
Арнайы іс-шаралар халықтың нысаналы топтары, яғни мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылар, жасөспірімдер мен ересектер және қарт адамдар арасында өткізіледі деп жоспарланып отыр.
«Біздің планетамыз, Біздің саулығымыз» ұранымен өткізілетін бағдарламаның негізгі мақсаты - халықты адам денсаулылығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, барлығына таза ауа, таза су және тамақ қолжетімді болатын адамның салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған қоғамдық сананы қалыптастыру үшін қажетті амалдарға жұмылдыру.
Ал негізгі міндеттері: халық арасында салауатты өмір салтын сақтауды, аурулардың және мінез-құлықтық факторлардың алдын алу: темекі шегуден, алкогольді тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтану дағдыларын үйрету, дене белсенділігінің деңгейін көтеру.
Бағдарлама аясында мынадай іс-шаралар жоспарланып отыр:
а) эко-челлендж (ағаш отырғызу, ауыл-кент көшелерін қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, таза ауада жаттығу жасау, кросс, велосипед тебу, флеш-моб ұйымдастыру),
б) денсаулық мектетерінде халықты салауатты өмір салты дағдыларына үйрету, профилактиканы насихаттау,
в) халықты диспансеризациялауды жандандыру, мүгедектер мен қарт адамдарды профилактикалық тексерулерден өткізу,
г) «Д» есепке алынған пациенттерге олардың келісімімен профилактикалық шаралар және денсаулықты нығайту туралы ақпарат алуға ақпараттық-білім беру материалдарын (жадынамалар, брошюлар, парақшалар, буклеттер) онлайн мессенджерлер арқылы (WhatsApp, Instagram, Facebook) тарату.
Балабақшаларда: тақырыптық сабақтарды әңгіме, ойын түрінде өткізу. Тақырыбы: «Таза ауа мен су – денсаулық кепілі», «Салауатты әдеттер».
Білім беру мекемелерінде:
а) тақырыптық сынып сағатын өткізу (офлайн немесе онлайн) түрде, тақырыбы: «Планетаны сақта – өзіңнен баста», «Өмірге арналған салауатты әдеттер»,
б) ата-аналар үшін шағын дәрістер жеке кеңестер өткізу, тақырыбы: «Планетаны сақта – өзіңнен баста», «Өмірге арналған салауатты әдеттер»,
в) шығармашылық байқаулар (суреттер конкурсы, т.б.), тақырыбы: «Салауатты планета!».
Емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда:
Сұрақтар мен жауаптар (пікірталастар) іс-шарасын өткізу, тақырыбы: «Климаттың денсаулықтың әлеуметтік және экологиялық детерминанттарына әсері», «Темекі шегудің алдын алу және бас тарту», «Алкогольді тұтынудың алдын алу», «Дұрыс тамақтануды насихаттау», «Дене белсенділігін насихаттау».
Конференциялар мен вебинарлар өткізу, тақырыбы: «Климаттың денсаулықтың әлеуметтік және экологиялық детерминанттарына әсері».
Дөңгелек үстелдер өткізу, тақырыбы: «ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» жобасын Қазақстанда енгізудің өзектілігі».
Семинар-тренингтер өткізу, тақырыбы: «Темекі өндіру мен сатудың ғаламға залалы, т.б.»
Спорттық іс-шаралар: дене шынықтыру минуттары, жарыстар, эстафета, спорттық ойындар. Тақырыбы: «Салауатты планета – болашақ ұрпақ үшін!»
Медиа іс-шаралар: жоғарыда атап өтілген тақырыптарға аудандық газеттерге, Aудандық орталық аурухананың ресми Web-сайтына жарияланымдар шығару, ауруларды ерте анықтау және алдын алу, салауатты өмір салтының аспектілері туралы парақшалар, буклеттер, брошюлар тарату, скринингтік тексеріп-қарауға шақыруды әлеуметтік желілер арқылы SMS-хабарламалар жіберу.
Әлеуметтік желілерді пайдалана отырып салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау (ауаның ластануына байланысты өкпенің қатерлі ісігі, жүрек-тамыр аурулары мен инсульт әр минут сайын 13 адамның өмірін қияды, 10 адамның 9 ластанған ауамен дем алады, климаттың өзгеруі адам денсаулығына қауып төндіреді, әлемде 2 млрд адам қауыпсіз ауыз суға қол жеткізе алмайды, медициналық қалдықтарды қауыпсіз залалсыздандырудың маңызы зор, темекі жыл сайын 8 млн астам адамның өліміне себепші болады және т.б.)
«Біздің планетамыз – біздің саулығымыз» ұлттық бағдарламасының серіктестері БАҚ және білім беру мекемелері (мектептер, колледж, балабақшалар).
«Шет ауданының орталық
ауруханасы» КМК директоры
А.Аманжолов