Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 Қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде және Осыған орай және Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының 22.04.2022 ж. шығыс № 12-4-3248 нұсқау хатын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 24 - 30 сәуір аралағында дейінгі мерзімде 2022 жылғы 24 -30 сәуір аралығында республика өңірлерінде Дүниежүзілік иммундау апталығы «Вакциналар: ұзақ және аман-сау өмір сүруге ұмтылу» ұранымен өткізіледі.
Аталмыш іс-шаралардың негізгі негізгі міндеттері:
Иммундауға бейімділікті, иммунопрофилактикаға сенімді қатынасты қалыптастыру, иммунопрофилактиканың қауыпсіздігі және иммундаумен жеткіліксіз қамтудың салдары туралы хабардар ету, елде қолданылатын COVID-19 қарсы вакциналар туралы және пандемиямен күресте вакциналаудың маңызы жөнінде халықты хабардар ету, белгіленген мерзімде инфекциялық ауруларға қарсы екпе егілмеген барлық жастағы адамдарды анықтау және вакциналау бойынша барлық мүдделі жақтардың жұмысын жандандыру, вакциналауға деген ынтымақтастықтық пен сенімді нығайту.
Бағдарлама аясында мынадай іс-шаралар жоспарланып отыр:
Бағдарлама аясында ауыл-кент тұрғындары арасында төмендегідей іс-шаралар мүмкіндігінше ұйымдастырылып өткізіледі деп жоспарланып отыр.
«Вакциналау – сау болу құқығың!» тақырыбында челлендждер,
Мектептерде өткізілетін класс сағаттарына осы тақырыпты талқылау,
Ата-аналар, бала-бақшалар қызметкерлері үшін ақпараттық сессиялар, шағын дәрістер,
Мектептер мен бала-бақшаларда шығармашылық байқаулар (суреттер конкурсы және т.б.),
Бала-бақшаларда тақырыптық сабақтар (ойындар, әңгімелер),
Сұрақтар мен жауаптар кештерін (пікірталастар мен пікірсайыстар),
Конференциялар мен вебинарлар, семинар-тренингтер өткізу,
Дөңгелек үстелдер,
Спорттық іс-шаралар (бұқаралық спорттық іс-шаралар, спортзалдарында ашық есіе күндері) ұйымдастыру,
Медиа іс-шаралар өткізу.
Құрметті аудан тұрғындары!
Өз ауылдарыңыз бен кенттеріңізде жергілікті медицина мекемелері ұйымдастырып өткізетін жоғарыда аталып өткен іс-шараларға қатысыңыздар. Өздеріңіз куә болған, елімізде 2020 жылы басталып әлі толастамай жатқан коронавирус инфекциясы пандемиясы, Қазақстан халқына үлкен қайғы-қасірет пен орны толмас шығын әкелді. Бүгінгі күні, елімізде коронавирус инфекциясымен ауыру деңгейі төмендеп жағдай оңалды. Бұл елімізде соңғы 2 жылда ұйымдастырылып өткізілген жаппай вакциналаудың нәтижесі деп айта аламыз. Осындай ауқымды іс-шараны қолдап, бала-шағасымен қоса вакцина қабылдаған ел ағаларына, азаматтарға, қарапайым халыққа ризашылығымызды білдіреміз. Егер, белгілі себептермен бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алмаған азаматтар болса оларды екпе қабылдауға шақырамыз!
«Шет ауданының орталық
ауруханасы» КМК директоры
А.Аманжолов