Жол қозғалысы ережелері

Жол қозғалысы ережелері – бұл көлік құралдарының жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің міндеттерін реттейтін ережелер жиынтығы, сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік құралдарына қойылатын техникалық талаптар. Күнделікті сіз жаяу жүргінші, автокөлік, велосипед немесе басқа да көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жол қозғалысының қатысушысы болып табыласыз. Сол себепті жол қозғалысы ережелерін білу – аса маңызды деп хабарлайды

Қазақстанның жол қозғалысы ережелерi республика аумағындағы жол қозғалысының бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi. Жол қозғалысына қатысты басқа нормативтiк және құқықтық актiлер осы ереженiң талаптарына негiзделуi және оған қайшы келмеуi тиiс.

Жүргізушіге көлік құралын жүргізген кезде неге тыйым салынады?

"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысының 2-бөлімі 4- тармағына сәйкес жүргізушіге:

1) көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген, жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатпен бірге уақытша куәліксіз көлік құралын басқаруға;

2) масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға;

3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына төрт жылдан аспайтын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруға;

4) ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және (немесе) тасымалдаушының жолаушылардың алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын
https://www.instagram.com/p/CiPfAnPs1we/?igshid=MDJmNzVkMjY=