Тұмау

Тұмау – бұл жоғарғы тыныс жолдарына әсер ететін инфекциялық ауру, ауа-тамшы жолымен таралады.
Тұмаудың инфекция көзі – науқас адам. Жөтелу, түшкіру және тыныс алу кезінде науқас адам айналасындағыларға инфекцияны жұқтырады.
Ауадағы жұқпалы бөлшектер біртіндеп айналадағы заттарға түседі. Вируспен ластанған үй заттарының қасынан өткенде, үйге тазалық жүргізгенде, осы заттарды қолданғанда, біз байқамай жұқтырылған бөлшектерді еріксіз сілкіп тастаймыз, олар ауаға қайта көтеріліп, адамның тыныс алу жүйесіне енеді. Вирустың тыныс алу жолына түсуіне жол бермеу үшін қолдарды жиі жуу, қоғамдық орындарда болғаннан кейін және қоғамдық көліктерді пайдаланғаннан кейін мұрын өзегін жуу керек. Бұл бөлшектерді ішке тарту – тұмау вирусының дені сау адамның денесіне кіруіне жол береді.
Тұмаудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 10 күнге дейін, орта есеппен 2 күнді құрады. Жасырын фазаның ұзақтығы вирустың түріне байланысты. Инкубация кезеңінде тұмау өзін білінбейді. Инкубация кезеңінен кейін аурудың көріністері пайда болады:
1. Температураның жоғарылауы әдетте аурудың бірінші сағаттарында пайда болады. Қатты қызба, температура 40°C-қа дейін, тіпті одан да жоғары болады.
2. Әлсіздік, дене сырқырауы, басталатын аурудың алғашқы белгілері болуы мүмкін.
3. Мұрын бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы – аурудың жиі кездесетін алғашқы белгілері.
4. Бірнеше күннен кейін мұрынның ағуы, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел ылғалды болып, қақырық шыға бастайды.
Тұмауға қарсы тиімді әдіс – ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады. Өз уақытында вакцинациялану тұмауға бірнеше рет шалдығуды азайтады, аурудың ұзақтығын қысқартады және асқынулардың алдын алады. Вакцинациядан басқа, ағзаның қорғанысын арттыру ұсынылады: дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану, демалу және витаминді-минералды кешендерді пайдалану. Сондай-ақ, тұмауға ұқсас симптомдары бар адамдармен тығыз байланыста болмау, бөлмені жиі желдету, шамадан тыс тоңу және қызып кетуден аулақ болу.
Тұмаумен ауырған кезде, үйде қалып, дәрігерді шақырту қажет. Отбасының басқа мүшелерімен барынша байланысқа түспеу, медициналық бетперде киіп, жеке гигиена ережелерін сақтау керек. Бұл басқаларға зиян келтірмеу және вирустық инфекцияны таратпау үшін қажет.
Профилактикалық шараларды сақтау, Сізді тұмау ауруынан және оның жағымсыз әсерінен қорғайтыны, есте болсын.

ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) немесе ЖРА (жедел респираторлық ауру) — тыныс алу ағзаларының вирустар және бактериялармен қабынулық зақымдануы. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе грипп деп атайды. ЖРВИ жылдың суық мезгілінде әр түрлі вирустар: грипп, парагрипп, аденовирустар, респираторлық-синцитиальді вирустар, риновирустар, коронавирустар, парагрипп және т.б. әсерінен дамиды, қазан айынан сәуір айы аралығында және ақпан айында өршумен өтеді. Микоплазмамен шақырылған инфекциялар күз айының басында,ал пневмококкты және стрептококкты А тобының инфекциялары көктем айында өршиді. ЖРВИ ауа-ташмы, ауа-шаң, тұрмыстық (үйде қолданылатын тұрмыстық заттар арқылы) , алиментарлы жолдар (тамақ, ішетін су) арқылы беріледі. Аурудың бастапқы кезеңінде вирус тыныс жолдарының кіреберіс қақпағында дамиды, яғни мұрында, жұтқыншақ және көмейде, төменгі тынысм алу жолдары- бронх, өкпеде дамиды. Ол мынадай симптомдармен көрінеді: әлсіздік,жарықтан қорқу сезімі, қалтырау, буын және бұлшық етте ауыру сезімі, бас ауыру, жөтел , тамақта ауыру сезімі, мұрынның бітелуі, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қырылдауы, дене қызуының көтерілуі, терлегіштік, кейде құсу, жүрек айну.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК: Аурудың алғашқы күндері төсектік режим, жанындағы адамдарды жұқтырмау мақсатында бетперде тағу ұсынылады. Көп мөлшерде сұйықтық (дәрумендік компот, шырын, шәй, қайнатпалар) ішу, емдәмді ұстану (ауыр емес, дәрумендерге бай, нәрлі тамақ) ұсынылады.

ЕМІ: ЖРВИ симптомдары пайда болған сәттен бастап аурудың асқынуының алдын алу және бактериалды , микст- инфекциялармен диагностика жасау мақсатында адамдармен қатынасқа түспей , жергілікті поликлиника немесе СВА –ның фильтр кабинетіне фельдшер немесе терапевт, ВОП қаралу қажет. Науқас өзін- өзі емдеу және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеуі қатерлі асқынуларға (вирустық пневмония, екіншілік бактериалды пневмония, тыныс жетіспеушілігі, менингит, отит, синусит) алып келуі мүмкін. Антибиотиктердің вирусты жұқпаға ешқандай әсер етпейтінін және жұқпадан кейінгі асқынулар кезінде ғана дәрігер-терапевт, отбасылық дәрігер тағайындалатынын есте сақтаған жөн!

Алдын алу шаралары: Дене шынықтыру; Жеке бас тазалығын сақтау ; Салауатты өмір салтын сақтану (зиянды әдеттерден бас тарту); Қазан, қыркүйек айларында маусымдық тұмауға қарсы вакцинация; Эпидемия және ЖРВИ кезінде бетперде тағу.