Қазақстанда сүт безі обыры әйелдердегі жалпы онкологиялық ауру құрылымында бірінші орын алады. Біздің елімізде, орта есеппен, жыл сайын сүт безінің обырымен 5000 науқасқа дейін анықталады, 1200 әйелге дейін көз жұмады.
2011 жылдан бастап Қазақстанда сүт безі обырын ерте анықтауға арналған 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін скринингтік тексерулер өткізіледі. Егер ісік ерте кезеңдерінде анықталса, онкологиялық науқастардың 95% -ында емдеу сәтті жүзеге асады.
Тіркелген жеріңіз бойынша емханаларда тегін скринингтен өтіңіз. Қазақстанда барлық онкологиялық ауруларды емдеу ТМККК шеңберінде толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады.
#РМЖ #СБО #скрининг
#АлыдынАлу
#CancerWontWait
#WomenCantWait
#Breastcancerawarenessmonth