Ишемиялық инсульт – бас миы тамырының қан ағысымен келіп түскен атеросклерозды түйіншекпен немесе тромбпен жабылуы кезінде пайда болады.
Геморрагиялық инсульт – қантамыр үзілген кезде пайда болатын ми ішіне қан құйылу.
Жыл сайын Қазақстанда:
- 40 000 адам инсультке шалдығады
- алғашқы 10 күн ішінде 5000 адам қайтыс болады
- инсультке шалдыққан әрбір үшінші емделуші күтім бойынша бөгде адамның көмегіне мұқтаж
- әрбір бесінші емделуші өздігінен жүре алмайды
- инсульттен кейін аман қалған әрбір бесінші емделуші өз денсаулығын қалпына келтіріп, қалыпты өмірге оралады.
Инсульттің пайда болу қауіп-қатерлерінің факторлары
- жоғары артериялық қысым
- темекі тарту және ішімдікке салыну
- қандағы холестериннің аса жоғары деңгейі
- дене белсенділігінің жеткіліксіздігі
- дененің артық салмағы
- жүрек аурулары
- өткенде өткерген инсульт
- тұқым қуалаушылық
Инсульттің алдын алу
өз артериялық қысымыңызды бақылап отырыңыз
қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейін қадағалаңыз
темекі тарту мен ішімдікке жоқ деңіз!
тамақтану рационында тұздың, май мен қанттың қолданылуын шектеңіз
- көбірек серуендеп, қозғалыңыз
Өзіңізде танып-біле алатын симптомдар:
- қол немесе аяқтардың кенеттен ұйып қалуы
- бақылауды кенеттен жоғалту (адам қайда тұрғандығын түсіне алмайды, анық сөйлей алмайды)
- көзге қос көріну немесе анық көрмеу
-жүрек айну/лоқсу
Инсультті танып-білуге көмектесетін және уақытылы түрде «жедел жәрдем» шақыруға көмектесетін симптомдар: беттің ассиметриясы; қолдың кенеттен босаңсуы; түсініксіз және анық емес сөйлеу.
Жедел жәрдем келгенше не істеу қажет?
- адамды көлденең жатқызу, мойын иілмес және қанағымы нашарламас үшін бас, иығы жастық үстінде болуы тиіс;
- дем алуына кедергі келтіретін киімді ағыту, таза ауаның келуіне қолжетімділік жасау;
- тіс протездерін алып шығу;
- егер де адам лоқсыса, басын бүйір жаққа бұрып, құсықтың тыныс алу жолдарына кіруіне және тілдің түсіп кетуіне жол бермеу үшін құсықты алып тастау.
Өзіңізге және жақындарыңызға көмектесіңіз!