Ауданымыздың орталық ауруханасына 2024 жылы видео-эндоскопиялық кешен алынған болатын. Негізгі мақсаты - диагностикалық және емдеу мақсатында қолданылады. Хирургиялық, гинекологиялық және басқа да патологиялық жағдайлар кезінде емдеу шараларына үлкен жеңілдік береді.
6 жыл тәжірибесі бар хирург маман осы құрылғы арқылы әр түрлі оталар, оның ішінде холецистэктомия, аппендэктомия, диагностикалық манипуляциялар жасайды.
Мамыр айының 29-ы күні Облыстың бетке ұстар профессоры, м.ғ.к. Абатов Нуркаси Толепбергенович ауданымыздың науқастарына ота жасап, шеберлік-классын өткізді.
Бұл кешеннің ерекшеліктері - аз жарақаттау, ауырсынудың төменділігі, науқастың қалпына келуге әсері жоғары.
Ауыл медицинасының алға басуына үлкен үлес.
- Қазақ
- Русский
