Бруцеллез ауруын келесі жағдайларда жұқтыруға болады

Бруцеллез ауруын келесі жағдайларда жұқтыруға болады:

адам мал сойғанда қан арқылы, (кесіп алған немесе зақымдалған тері арқылы), өлі төлден, түсік тастаға материалдар, төл жанындағы су, зақымдалған жүн арқылы;
ауру немесе белгісіз малдың (ауру болуы мүмкін) сүтін, сүт тағамдарын ішкенде немесе жегенде;
ауру малдың ластанған нәжіс, тағы басқа бөлінділерімен шаң-тозаң арқылы;
ауру немесе белгісіз малдың етінен қанды кәуәп жегенде, тартылған еттен;
ауру немесе белгісіз малдың жүнін сыпырғанда, өңдегенде, қырққанда, түбітін түткенде, тоқығанда;
науқас анасы арқылы балаға жатыр арқылы немесе сүтін емгенде.
Ауруды жұқтырғаннан аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт 1-4 апта кейде 2-3 айға созылуы мүмкін.

Адамдарда бруцеллез ауруы жедел түрде басталып дене қызуының жоғарылауы 38 градусқа жетеді, сонымен қатар бас ауруы, әлсіздік, тітіркеншік, бұлшық еттердің, аяқ буындарының, бел тұсының ауырсынуы, түнде тершеңдік, ұйқысыздық, тәбетінің нашарлауына әкеп соғады. Әйел адамда бруцеллез ауруының белгісі жиі түсік тастау болып табылады.

Науқас дәрігерге неғұрлым ерте қаралса, адамға ем қабылдау соғұрлым нәтижелі болады.