МӘМС жүйесі кеңейеді: жарналарды төлеу жауапкершілігі жергілікті бюджетке өтеді

Қазір Қазақстанда 3,6 миллионға жуық адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардыңшамамен 1 миллионы – әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегітұрғындар. Яғни олардың МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндігі жоқ.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергіліктіатқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМСаясында қажетті медициналық көмек ала алады.Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен ресми тіркелген жұмыссыздар үшін жарнатөленетін болады. Бұған дейін бұл төлемдер республикалық бюджеттен түсіп келді.❗Сақтандырылған азаматтар үшін диагностика, дәрігерлердің кеңесі, жоспарлыоперациялар, емдеу және оңалту қызметтері МӘМС аясында тегін көрсетілетінін естесақтаңыздар. Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханағатіркелу қажет. @msqory_krg