Қызылша инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары талқыланды

Қызылша инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу шаралары талқыланды Аудан әкімшілігінде қызылша инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы және оның алдын алу шаралары бойынша штаб отырысы өтті. Жиынға Шет ауданының әкімінің орынбасары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өкілдері мен медицина қызметкерлері қатысты. Отырыста өңірдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға талдау жасалып, аурудың таралуының алдын алу бағытындағы нақты іс-шаралар қарастырылды. Сонымен қатар, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, профилактикалық екпелердің уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету және мониторинг шараларын жүйелеу мәселелері талқыланды. Медицина мамандары қызылша инфекциясының жұқпалылығы жоғары екенін атап өтіп, екпе алу – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы екенін жеткізді. Осыған байланысты екпе күнтізбесіне сәйкес вакцинацияны уақтылы жүргізудің маңыздылығы ерекше айтылды. Штаб отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды. Халық денсаулығы – басты назарда.