Бүгін емханамыздың алаңында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай шағын спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға медицина қызметкерлері белсене қатысып, командалық ойындарда өзара бақ сынасты. Қатысушылар ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжым арасындағы бірлікті нығайту және қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығын арттыру болды.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар «Сенім» кәсіподағының қолдауымен марапатталып, жүлделі сыйлықтарға ие болды. Бұл мерекелік күн барлық қатысушыларға жағымды әсер қалдырып, ұжымдық рухты одан әрі күшейтті.
- Қазақ
- Русский
